Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Бетінен атып өлтірді». Әскердегі жалғыз ұлынан айырылған әке үндеу жасады

Маңғыстау облысында полигондағы жиын кезінде қаза тапқан мерзімді сарбаздың әкесі Қорғаныс министрінен істі мұқият тергеуді сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Бетінен атып өлтірді». Әскердегі жалғыз ұлынан айырылған әке үндеу жасады
фото: әлеуметтік желіден

Әкесінің айтуынша, офицер мылтықпен ойнап отырған кезде ұлының бетіне күтпеген жерден оқ атып жіберген болуы мүмкін.

«Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда», - дейді әкесі. 

Ол оқиғаны кездейсоқ өлімге жатқызу арқылы істі жабуға тырысуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Сондықтан Қорғаныс министрін шындықты жасыру әрекеттерін болдырмау үшін тергеуді жеке бақылауға алуын сұрады.

«Бұл жазатайым оқиға емес: тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін. Мен бәрін мұқият зерттегім келеді», - деді сарбаздың әкесі.

Еске салсақ, осыған дейін мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаз ауыр жарақаттан соң қайтыс болғаны хабарланған.