Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

Алматының Әуезов ауданында 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те жолдан өтіп бара жатқан қызды мопед жүргізушісі қағып кеткен. 

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды
фото: видеодан скриншот

Төле би даңғылының бойында болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Видеодан мопед соққысынан кейін жаяу жүргіншінің бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады. Алайда мопед иесі оған көмектеспей, оқиға орнынан бой тасалады. 

«Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен азамат анықталды және ұсталды. Бұл – 23 жастағы жігіт. 

Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.