Шымкент қаласында белгісіз ер адам тәртіп сақшысын пышақтап кеткен. Бұл туралы қаланың Полиция департаменті хабарлайды.
«1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді өңірлік ПД-дан.