Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Жүрегі 3 рет тоқтаған». Астанада дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен құтқарды

Елордада №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлері жүкті әйелді өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жүрегі 3 рет тоқтаған». Астанада дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен құтқарды

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы №2 көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда жүкті әйел жеткізілген.

Ауыр созылмалы аурудың салдарынан 30 жастағы Анастасияның жүрегі 3 рет тоқтаған. Науқас бірден реанимация бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету желдету апаратына қосылды. Дәрігерлер жүкті әйелді өлім аман алып қалу үшін 3 апта күресті. 1 аптадан соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. Ол 1 ай бойы медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасында тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді, - деп жазылған хабарламада. Анастасия дәрігерлерге алғыс айтты. Барлық медицина қызметкеріне рақмет айтамын. Олар менің баламды құтқарып. Өлімнен аман қалдым, - деді ол ағынан жарылып. 

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінде науқас өзін жақсы сезінетінін, ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын айтты.