Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.
Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі джип көлігі соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69-шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.
"Екі джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.