Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Найзағай себеп болды: «Семей орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден тұтанған өрт дер кезінде ауыздықталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Найзағай себеп болды: «Семей орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды
ulysmedia.kz

Соңғы тәуліктерде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.

Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған, - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.