Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қызылорда облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылорда облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан.

«Сондай-ақ, үш адам жарақат алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада. 

Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.