Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Петропавлда әйел ауладаға оқушы қызды ұрды: полиция түсініктеме берді

Петропавл қаласында көпқабатты үйдің ауласында кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасаған әйелдің ісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Петропавлда әйел ауладаға оқушы қызды ұрды: полиция түсініктеме берді
фото: видеодан скриншот

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Өз кезегінде СҚО ПД түсініктеме берді.

«Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 109-1-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дене жарақаты» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп мәлімдеді полиция. 

Бұған дейін Петропавл қаласында ересек әйелдің басқа бір баланың шашынан тартып, айқайлап, оған шабуыл жасағаны туралы хабарланған болатын. Ол мұндай әрекетін өз қызын қорғау мақсатында жасағанын айтып, өз құқығын қорғауға тырысты.