«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ.
Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді,-деп хабарлады Павлодар облысы полиця департаментінің баспасөз қызметінен.