Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қазақстандық турист Дағыстанда өлі табылды

Ресейде қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлады Paryz.kz.

Қазақстандық турист Дағыстанда өлі табылды
Фото: Telegram/mchsdagestan

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болған.

Каспий теңізінде сапбордтар мен тюбинг соқтығысқан. 3 сапбордта 6 адам отырған.

Ресейлік мамандар сапбордтағы 4 адамды құтқарды. Тағы бір адам өз күшімен жағаға шықты. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар теңізге батып кеткен 47 жастағы қазақстандықтың денесін тапты. Құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталды.

 Айта кетейік, ер адам отбасымен Дағыстанға демалуға келген. Ол – Ингушетия тумасы, Алайда көп жылдан бері Қазақстанда тұрады.