Өскеменде селфи жасамақ болған әйел көпірден құлап кетті, деп хабарлады ШҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 5 тамызда кешкі сағат 22.30 шамасында Крылов көшесінде болды.
33 жастағы қала тұрғыны әдемі болып, суретке түспек болғанда көпірден өзенге құлаған. Полицейлер мен құтқарушыларға Үлбі көпірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түсті. Бірақ мамандар келгенше ол өз күшімен жағалауға шықты, – деп жазылған хабарламада.
Әйел зардап шекпеген. Полиция оны дәрігерлерге тапсырды.