Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Ақтөбеде ер адам 19-қабаттан секіріп кетті

Ақтөбедегі 25 қабатты үйдің 19-шы қабатынан ер адам секіріп кетті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ақтөбеде ер адам 19-қабаттан секіріп кетті
Фото: pexels.com

Оқиға бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында болды. Ақтөбе қаласындағы 11 шағын ауданда орналасқан 25 қабатты үйден ер адам секіріп кетті.

— № 112 «В» үйінің 19 қабатынан 1995 жылы туған ер адам секіріп кеткен. Себептері анықталуда. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.