Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Шымкенттегі күкірт өрті: ТЖМ мәлімдеме жасады

Шымкенттегі күкірт өрті оқшауланды. Оқиға орнында 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Шымкенттегі күкірт өрті: ТЖМ мәлімдеме жасады
фото: ТЖМ

Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

 Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірттің жануы анықталды.