ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді.
Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған.
Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус.
Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, - делінген хабарламада.