Шымкентте ер адам 16-шы қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде болған, деп жазады otyrar.kz.
Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16-шы қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.
«Аталған жайт бойынша істі Тұран ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркеді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде» делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі мәліметінде.