Шымкенттік тұрғын бойжеткенді алып қашып, 20 жастағы қыз тұрмысқа шығуға келіспеген соң зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды. «Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы бойжеткенді алып қашқан. Бірақ қыз көнбеген соң оны зорлаған. Жігіттің туыстары бұл туралы қыздың туыстарына сүйіншілеп, екі тараптың жақындары некеге өзара келіскен», - делінген ондағы жазбада.
Бірақ бойжеткеннің құрбылары жас қызға араша түскен. Оқиғаны полиция анықтап жатыр.
«Аталған фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.