Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Павлодарда жүк көлігімен соқтығысқан Газель жүргізушісі көз жұмды

Daf xf жүк көлігі жылдамдықты шамадан тыс асырып, Газ-2705 көлігін соққан. Жол апаты салдарынан Газель жүргізушісі қаза болды.

Павлодарда жүк көлігімен соқтығысқан Газель жүргізушісі көз жұмды
Фото: Kazinform

Облыс орталығын оңтүстік-батыс жақтан айналып өтетін Нұрлы жол автожолында болған көлік апатынан Газ-2705 жүргізушісі көз жұмды.

«Daf xf жүк көлігі Нұрлы жол автожолында жылдамдығын бақылай алмай «Газель» автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан «Газель» жол шетіндегі қисық сызықты білеуге барып соғылған. Апат салдарынан Газ-2705 жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта автокөліктер айыптұраққа қойылып, тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.