Алматыда ер адам лифтіге балаларды тығып, тепкілеген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды paryz.kz.
Ер адам алдымен лифтіден шығып, жақын жерде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Содан кейін лифтіге кіріп, ішінде тұрған екі баланы ұрып-соғады, тебеді. Алматы қаласы ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адамның кім екені анықталды, ол полиция учаскесіне жеткізілді. Заң бойынша оның әрекетіне баға беріледі. Өзге де фактілер анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.