Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Павлодарда 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болған

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын зорлаған Ц-ға үкім шықты.  

Павлодарда 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болған
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2 бөлімі 3-тармағымен айып тағылған. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан оқиға жабық сот отырысында қаралды. Ц. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.

Ц-ның кінәсі өз мойындауымен, жәбірленушінің, куәлардың сөзімен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген өзге де айғақтармен дәлелденді.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Аса ауыр қылмыстың мән-жайын ескере отырып Ц-ға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ Ц. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.