Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Салонда 50 адам болған: Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті

Астанадан Моңғолияның Баян-Өлгейге қаласына бағыт алған рейстік автобус 20 шілдеде Ресейдегі тас жолда түгі қалмай өртенді.

Салонда 50 адам болған: Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті
фото: Ресей ТЖМ

Ресейдің Алтай Республикасы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға Оңғұдай ауданында болған.

"Сағат 06:13-те "Шу трактісі" Р-256 автожолының 720 шақырымында Астана (Қазақстан Республикасы) – Баян-өлгей (Моңғолия Республикасы) бағыты бойынша жүретін рейстік автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 50 адам болған, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өздігінен эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Бұдан бөлек төтенше жағлайлар министрлігі сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері барғанын мәлімдеді.

"Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", – деді ТЖМ баспасөз қызметі.