Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Атырау-Орал тасжолындағы жол апатынан тағы 4 адам қаза тапты. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.
Полиция ақпаратына сәйкес, 26 ақпанда сағат 3:29 шамасында Ақжайық ауданына қарасты Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан. Соның салдарынан екі көлік ішінде отырған 4 адам қаза тапты. Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, 22 ақпанда Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, 6 адам оқиға орнында қаза тапқан еді. Бір адам ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota мен Lada автокөлігінің соқтығысуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлаған.