Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбеде шатыры ұшып кеткен мектеп ішін жаңбыр суы шайып кетті

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында қатты желден бірнеше мектепке зақым келді. Жаңбырлы күні мектеп ішіне су жайылды. 

Ақтөбеде шатыры ұшып кеткен мектеп ішін жаңбыр суы шайып кетті
Фото: Ирина Галушко/Kazinform

«ҚазАқпарат»
Халықаралық ақпарат агенттігі

15:24, 15 Шілде 2024 | GMT +5

 

Ақтөбеде шатыры ұшып кеткен мектеп ішін жаңбыр суы шайып кетті

истязание детей в Шымкенте

Фото: Ирина Галушко/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Хромтау ауданында қатты желден бірнеше мектепке зақым келді. Жаңбырлы күні мектеп ішіне су жайылды. 

Хромтау ауданындағы мектептердің шатыры маусым айында болған қатты дауыл кезінде бүлінді. Салдарынан Тассай, Оңғар орта мектептері шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан жаңбырлы күні мектеп ішіне су жайылғанын көруге болады. Екінші қабаттан аққан су бірінші қабаттағы сынып ішіне дейін жеткен. 

– Бұл нысандар төтенше және техногенді сипаттағы жағдай кезінде бүлініп тұр. Сондықтан жергілікті атқарушы билік шұғыл түрде қайта қалпына келтіреді. Қазіргі кезде ғимараттағы шығын есептеліп, техникалық қорытынды алынды. Сонымен бірге жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжат жасалды. Мұның бәріне уақыт қажет болды. Себебі бюджеттік мекеме үшін сметалық құжат, нақты сомасы мен жұмыс көлемі толық жазылуы тиіс. Мұндағы жұмыстар алдағы екі аптада басталады, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Ауезов. 

Айта кетейік, екі мектепті жөндеуге резервтен 256 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Оның 224 млн теңгесі Тассай орта мектебін, ал 32 млн теңгесі Оңғар мектебін жөндеуге жұмсалады.