Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Арыстағы әскери сайыс соңы жаппай төбелеске ұласты

Түркістан облысының ПД шараны ұйымдастырушыларға карантиндік шараларды бұзғаны үшін хаттама жасайтынын хабарлады.

Арыстағы әскери сайыс соңы жаппай төбелеске ұласты
фото: видеодан скриншот

Арыс мәдениет үйінде мектеп оқушыларына арналған әскери дайындық сайысы жаппай төбелеспен аяқталды. Қазылар алқасының шешіміне наразы болған жеткіншектер бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті демалыс орталығында болған. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі төбелеспен аяқталды. Дәл сахна алдында қазылар алқасының шешіміне наразы мектеп оқушылары жанжал шығарды. Мұғалімдер оларды арашалауғы тырысты. Бұл оқиға елеусіз қалуы мүмкін еді, бірақ әлдекім төбелестің видеосын интернетте жариялап жіберген.

Түркістан облысының ПД шараны ұйымдастырушыларға карантиндік шараларды бұзғаны үшін хаттама жасайтынын хабарлады. Жанжалға қатысушылар да жауапкершіліктен жалтармайды.

Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында бұзақылық фактісі бойынша төбелеске қатысушылар анықталды. Олардың барлығы - жасөспірімдер, оқу орындарының шәкірттері. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.