Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Павлодарда жол шетінде тұрған қызды автокөлік соғып, мерт қылды

Жазатайым оқиға Жетекші ауылынан екі шақырым жерде, үлкен жолдың бойында болған. Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем стансасынан хабарлады.

Павлодарда жол шетінде тұрған қызды автокөлік соғып, мерт қылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

«Жедел жәрдем қызметіне Павлодар қаласы Жетекші ауылынан 2 шақырым жерде, Шарбақты ауданына баратын автожолда қызды көлік соғып кеткені туралы хабарлама түсті. Медициналық топ 9 минуттан кейін оқиға орнында болды. Өкінішке қарай, зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады. 27 жастағы қыз өміріне сәйкес келмейтін жарақат алғандықтан сол жерде көз жұмған», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасынан.

Бұған қоса Ақсуда көлік жүргізіп келе жатқан 33 жастағы әйел апатқа ұшырады. Жедел жәрдем қызметкерлері оның жүктіліктің 38-ші аптасында екенін анықтаған. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жеткізілді.