Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Қайғылы оқиға Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі «Соколовская» шахтасында болды.

Бұл туралы ССКӨБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Тау массасының қабыршақтанған бөлігі өтіп бара жатқан жұмысшыға құлады. Ол жарақат алып, қайтыс болды. Бұл шахтадағы жарылыс жұмыстарынан кейін болды. «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады. Отбасына қажетті көмек көрсетіледі»,-деп жазды баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жүргізіледі.