"Сонымен қатар 1968 және 1998 жылы туған екі жарақат алушы бар. Олар әртүрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді..."
Түн ортасында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Газ баллонының жарылуынан кейін өрт Мұғалжар ауылындағы бір қабатты тұрғын үйде болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер оқиға орнына Ембі өрт сөндіру бекетінен 37 шақырым жол жүруге мәжбүр болды, деп хабарлады paryz.kz.
"Өрттің ауданы - 80 шаршы метр. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 2010 жылы туған баланың денесін тапты. Сонымен қатар 1968 және 1998 жылы туған екі жарақат алушы бар. Олар әртүрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оңдасын Оразалин оқиғаның мән-жайын түсіндіру үшін арнайы жедел комиссиямен жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық ТЖД өкілі.