Дегенмен, бұл қаладағы осындай алғашқы жағдай емес...
Павлодарлық жүргізуші досын аяғынан байлап, көшеде көлігімен сүйреткені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлады paryz.kz.
Ол видеоны әлеуметтік желіден көрген Павлодар облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері осы жағдайға қатысты түсінік берді.
"Аталған видео бойынша тексеру жүргізілді. ВАЗ-21140 маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Семенченко көшесінде жолаушыны кабинадан тыс тасымалдаған. Сол әрекеті үшін жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы, 1-бөлігі ("Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау") бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Ал жүргізуші өзінің досын әншейін көңіл көтеру үшін қалжыңдап сүйреткенін алға тартты. Дегенмен, бұл Павлодардағы осындай алғашқы жағдай емес. Бұрын да қалада жолаушыларды көліктің сыртында, кейде тіпті төбесінде алып жүретін. Мойнынан жіп байлап, иттерді сүйреткендер - өз алдына бөлек әңгіме.