Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматыда тағы да жер сілкінді
фото: kronwerk.ru

ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 16 сағат 36 минут 7 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 40.227 солтүстік ендік, 77.569 шығыс бойлық.

Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында6 Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335-шақырымында орналасқан.

Қарқындылығы: Алматы қаласында 2.0 балл сезілді.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда сағат 17:09-да бір жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.