Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Талдықорғандағы демалыс орнында әскери қызметкердің қатысуымен атыс болды

Талдықорғанда демалыс орындарының бірінде атыс болып, төбелес болды. Полицейлер төбелеске қатысқандардың бірі әскери қызметкер екенін хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

Талдықорғандағы демалыс орнында әскери қызметкердің қатысуымен атыс болды
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы демалыс орындарының бірінде болған төбелес туралы ақпарат тарап жатыр. Instagram желісіндегі Krisp.tdk парақшасында төбелеске қатысы бар деп болжанған адамдардың видеосы жарияланды.

Төбелес пен атыс болды. Мәдение демалыстың жоқтығы қандай жағдайға әкелі мүмкін екенінің көрінісі, - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Ал Taldykorganec.insta парақшасында сол демалыс аймағында түсірілген болуы мүмкін басқа да кадрларды жариялады.

Талдықорғанда ересек ер адамдар арасындағы төбелес. Қатысушылардың бірі басынан жарақат алды, - делінген видеоның сипаттамасында.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазба астында берген түсініктемесінде төбелеске қатысқандар анықталғанын хабарлады.

Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі әскери қызметші болып шықты, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.