Алматыда 1,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 13 маусым Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісі тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген.
Қираған ғимараттар жоқ.