Астанада түнгі клубтардың бірінде мас адам жәбірленушіден шылым сұрап, ол шылым бермеген соң оны пышақтап тастағысы келген.
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Ол дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды.
Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді.
Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.