Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматыда қонақ үй өртенді

Бүгін, 12 маусымда Алматыда таң ата өрт шықты. Қала аудандарының бірінде қонақүй жанды.

Алматыда қонақ үй өртенді
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.

өрт

Фото: Алматы қалалық ТЖД

«ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Қонақүй әкімшілігі мәлім еткендей, адамдар дереу сыртқа шығарылып, өрт орнынан 4 газ баллоны шығарылды.

өрт

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД 21 техника, жеке құрамынан 75 адам жұмылдырылды.

Осыған дейін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қайтыс болғанын жаздық. Қаза тапқандардың тоғызы – қазақстандық, қалғаны шетелдіктер. Мемлекет басшысы қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.