Бүгін әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасынан ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео тарады, деп хабарлады «Ақжайық».
Атырау облыстық полиция департаментінің өкілдері дене жарақатын алған адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған, - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.