Кадрда ер адам құрылыстың құлауының салдарынан екі құрылыс краны зақымданғанын айтады.
Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің құрылысы құлап қалды, деп хабарлады paryz.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідегі парақшада жарияланды. Кадрда ер адам құрылыстың құлауының салдарынан екі құрылыс краны зақымданғанын айтады.
Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 19 ақпанда жиналған металл құрылымның құлау оқиғасы болғанын хабарлады.
"Орнатушылар құрылымды орнатып, оны дәнекерлеу кезінде ұстап алып, кранды ажыратып, толық дәнекерлеу жұмыстарын жүргізбек болған. Бірақ бұл құрылым құлап түсті. Ғимарат құрылысы құлаған кезде құрылысшылар түскі үзілісте болды. Қазіргі уақытта комиссия бас мердігермен тергеу жүргізуде, зардап шеккендер жоқ. Өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері шақыру орнына барды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.