Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Билік тағы бір әйелдің өлгенін күтіп отыр ма?»: Карина Мамаштың қан-жоса видеосы жарияланды

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы көмекшісінің әйелі Карина Мамаш өзіне қатысты жаңа видеомен бөлісті, деп жариялайды Paryz.kz. 

«Билік тағы бір әйелдің өлгенін күтіп отыр ма?»: Карина Мамаштың қан-жоса видеосы жарияланды
фото: әлеуметтік желіден

Дипломат Сәкен Мамашқа қатысты жұбайының мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғалған еді. Біраз үнсіздіктен кейін экс-дипломат отбасылық өмірі мен жұбайы Карина Мамашпен қарым-қатынасы жайлы әсерлі жазба жариялаған еді. Жазбаның мазмұны «барлығы жақсы еді, Карина көктемнен бері ажырасуды анасымен бірге жоспарлапты мен одан хабарсыз болдым» дегенге саяды.  Осы ретте Карина Мамаш жауап ретінде дипломат айтқан «бақытты өмірінен»  бұрын жарияламаған жаңа видеоны бөлісті.

Видеодан Каринаның көгеріп ісінген жүзі мен бетін қан жуған кадрларды және ар жағында денесі жартылай жалаңаш Сәкен Мамашты байқауға болады.

Видеоның астына оқырмандар Карина Мамашты қолдап пікір жазуды.

Желі қолданушылары "Карина, шыдаңыз, біз сізбен біргеміз", "Билік тағы бір әйелдің өлгенін күтіп отыр ма", "Ешкімнің қандай оқыған-тоқыған адам болса да басқаға қол көтеруге құқы жоқ" сынды пікірлер жазды.