Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастады

5 маусымға қараған түні Қызылорда қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, қашып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қызылордада белгісіз біреу үш оқушыны пышақтап тастады
фото: Жетісу обл. ПД

Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.

Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді полиция.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды