Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды.
Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, одан шыққан бу жолды жауып тастады, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
"20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ", - деп хабарлады "Астана-Теплотранзит" АҚ баспасөз қызметі.
Қазір тесілген жерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, жылу трассасының бұзылуы туралы әлеуметтік желіде видеолар тараған еді.