Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Әкем анамды анамды ұрып өлтіре ме деп қорқамын»: жас жігіт елден жанұшыра көмек сұрады

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жас жігіт анасы үшін елден жанұшыра көмек сұрады. Айтуынша мас әкесі анасын соққыға жығуын тоқтатар емес, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Әкем анамды анамды ұрып өлтіре ме деп қорқамын»: жас жігіт елден жанұшыра көмек сұрады
фото: әлеуметтік желіден

Өз сөзінде ол басқа қалада жүргенінде әкесі анасын аяусыз ұрып тастағанын айтты.

«Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеуімізді кезек-кезегімен ұратын. Жасы елуге келсе де анамды ұруын тоқтатар емес.

Әкем лайықты жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, ешнәрсе болмаған сияқты босатып жібереді», - дейді ол Instagarm желісіндегі Abdulla_kz парақшасында.

Сөз арасында ол Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынының полициясына арыз жазып жатқанын айтты. Айтуынша, полиция қызметкерлері адамды ұрып-соққаны үшін соттамайды.

«Адамды ұрып-соққанда жарақаты қаншалықты ауыр болады, сол кезде ғана жазасы қатты болады. Ал жай ұрса, жазасы да жеңіл болады екен. Мені осылай деп шығарып салды. Мұнайлы ауданының соты ешқандай жұмыс істемейді.

Қазір жұмысыммен басқа қалаға кетіп қалсам, анамды ұрып, өлтіріп тастай ма деп қорқамын. Мақсатым – әкемді түрмеге қамату. Себебі, ол лайықты жазасын алуы керек. Мұндай тирандарды қоғамнан ажырату қажет. Ол бізбен ғана көшеде кетіп бара жатқандармен де, көршілерімізбен де қырылған. Анамды түнде тұншықтырып, өлтіріп тастауға дейін барды. Таңертең әкем ешнәрсе білмеймін, есімді білмеймін деп кешшірім сұрап отыр», - дейді жас жігіт.