Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Түркістан облысында ауыл ішінде жүрген аю бейнекамераға түсіп қалды

Аюды жергілікті тұрғындар көлікпен қуып, ауыл аумағынан шығарып жіберген. 

Түркістан облысында ауыл ішінде жүрген аю бейнекамераға түсіп қалды
Фото: Қарағанды зообағы

Желіге жүктелген видеоға пікір жазушылар жабайы аңды Машат шатқалынан келді деп болжаған. Ал, видеоны көрген «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек аю қонжығын іздеп келген болуы мүмкін деген пікір білдірді. 

«Олар әдетте адаса қоймайды және тосын жағдайлардан үркісе ауылға келмейді. Негізі Машат шатқалында аю жоқ. Одан әрмен қарай орналасқан Ақсу каньонында ғана бар. Меніңше, аю ауылға қонжығын іздеп келді. Бізде кей ауылдың тұрғындары қонжықты атып алады немесе тірідей ұстап, үйіне алып кетеді. Сондай жағдайлардан кейін аю қонжығының ізіне түскен болуы мүмкін» - дейді Ғани Назарбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы зообағында Прагадан жеткізілген ақ аю өліп қалғанын жазған едік.