Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға батып кетті

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы өзеніне 20 жастағы жігіт батып кетті. Оны сүңгуірлер 2,5 метр тереңдіктен тапты.

Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға батып кетті
Фото: ТЖМ

Оқиға қаладағы Солнышко бау-бақша ұжымы аумағында болды. 2004 жылғы жігіт суға түсуге рұқсат етілмеген аумаққа шомылған. 

— Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 15 метр қашықтықтан, 2,5 метр тереңдіктен денесін алып шықты. Күн ыстық болғанымен су әлі де салқын. Суға түскен адамның сіңірі тартылып қалады. Сондықтан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбеде суға түсу маусымы ертең басталады. Жалпы облыс бойынша суға түсуге тыйым салынған 200-ден астам орын бар. Онда 300-ге жуық арнайы белгі орнатылды. Сонымен бірге ТЖД қызметкері рейд жасап, су түбін де тексереді. Құтқарушы еріктілер де дайындалып, оқытылады. Әсіресе балалардың жазғы демалысында түрлі демалыс орындары мен лагерьлерге кезекшілік қойылады.

Еске салсақ, былтыр облыс аумағында 11 адам суға кетіп көз жұмды. Оның тоғызы бала.