Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Пышақтап, чемоданға салып лақтырып жіберген: Дубайда қазақ қызын өлтіріп кетті

Қазақ қызын экс-жігіті Біріккен Араб әмірлігінде өлтіріп кеткен, деп хабарлады Bugin.kz порталы Barys Media YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Пышақтап, чемоданға салып лақтырып жіберген: Дубайда қазақ қызын өлтіріп кетті

Жантүршігерлік қылмыс Дубайда болған. Яна Бейсембаева Дубайға бұрынғы жігітінен қашып барған.

"Яна өте ақжарқын, қабілетті қыз еді. Қытайда білім алып, сол жерде жұмыс істеді. Атырауда да жұмыс істеді. Өте белсенді еді",- дейді Янаның құрбысы.

Яна Бейсембаева қаза болардан 3 жыл бұрын жігітпен танысады. Ол жігіттің отбасы, 3 баласы бар екенін Яна кеш біледі.

"Жігіттің 3 баласы, отбасы бар болып шықты. Әйелі өте өктемшіл келіншек болған. Әйелі Янаға жазды, маған да жиі жаза беретін",- дейді Янаның құрбысы.

Жігіт Яна Бейсембаеваны қызғанып, ұруды бастайды. Қарым-қатынастан ештеңе шықпайтынын ұққан Яна жігітпен айырылысуға шешім қабылдайды. Бірақ жігіт қыздың ізінен қалмайды.

"Янаны іздеп үйге дейін келетін. "Кет" десе, кетпейтін. Ит үрсе де, біз айқайласақ та кетпей тұрып алатын",- дейді Арман Бейсембаев. 

Яна қаза болардан 9 ай бұрын жігіт қызды зорлаған. Яна "зорлау" туралы арыз жазады. Бірақ көп өтпей арызды қайтарып алуына тура келеді. Яна жігіттен құтылу үшін Біріккен Араб әмірлігіне жұмысқа баруға шешім қабылдайды. 

Жігіт Янаны іздеп, Біріккен Араб әмірлігіне барған. Ол ұшақтан түсе сала, Яна жұмыс істейтін мекемеге барады. 

Дубай прокуратурасының тергеуі бойынша, ер адам Янаны пышақтап өлтірген. Ол алғашында иығы мен қолына пышақ сұққан. Яна қашуға тырысқанда, жігіт ашуға булығып, денесінің барлық жеріне пышақ сұғып тастаған. Кейін Янаның қаза болғанын көріп, чемоданға салып шалғай елді-мекенге лақтырып кеткен.