Қостанайда 57 жастағы ер адам 12 жасар қыз баланы зорлаған. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Ер адам биыл қаңтар айынан бастап жасөспірім қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Өгей немересін «біреуге айтатын болсаң, шешең екеуіңді оңдырмаймын» деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырған.
«13 сәуірде ер адам кішкентай қызбен пәтерде оңаша қалған. Сол кезде жалаңаштанып шешініп тастаған оны қыз бала суретке түсіріп үлгірген. Кешкісін анасы жұмыстан келген суретті көрсеткен. Анасы дереу полицияға хабарласқан. Қазір ҚК 121 - бабы 4 – тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған желідегі хабарламада.
57 жастағы ер адам қыздың әжесімен 15 жылдан бері тұрады.
Еске салайық, жаңадан өзгеріс енгізілген әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес, педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.