Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады Paryz.kz.
Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.