Жамбыл облысы Жуалы ауданында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде мектеп бітіруші түлек те болған, деп хабарлады Paryz.kz.
Бұл туралы Жуалы ауданы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
Жол апаты 25 мамырда болған.
«Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған», - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан 21 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты, бақылауда.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.