Бірнеше күн бойы үйіне келмеген ұлдың жағдайына алаңдаған туыстары полиция шағымданған, деп хабарлады Paryz.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
«Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.