ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 мамырда сағат 05:45-те жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы - 5.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.75° с.е. 79.35° ш.б. Тереңдігі - 5 км.
Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат - жоқ.