Түркістан облысы Созақ ауданында 26 жастағы ер адам бір үйге екі рет ұрлыққа түскен. Ол ұрлаған ақшасын құмар ойынға тігіп отырған.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, күдікті көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын алған.
Полицейлер оның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтаған. Ол ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген, – делінген хабарламада.
Қазір күдікті сотқа дейін тергеліп жатыр.