Шымкентте 11 сынып оқушысы суицид жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Мектеп оқушысы үйінде өзіне қол салған. Шымкент білім басқармасының мәліметінше, бала есепте тұрмаған. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.