Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматы облысында көлік жүргізушісі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді

Алматы облысы Іле ауданында автокөлік жүргізушісі жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы облысында көлік жүргізушісі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді
Фото: pixabay

12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде "Бүркіт-35" экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше асырынуға тырысты, салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.