Алматы облысында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі бүгін 09:12-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 км жерде Қырғызстанмен шекара аумағында орналасқан. Алматы облысының Кеген ауылында сезілуі 2 балл болды.